Танымал тележүргізуші Асаубек Айымбетов маңызды мәселені көтеріп, көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол желідегі парақшасында шетелде демалып жүргенде шамына тиген оқиғаны бөліскен.
"Шынымды айтайын, Да Нангтың таксиінде жылап келе жатырмын. Еркек басыммен. Жарты сағат бұрын менің елімді басқа елдің өкілі Борат деп мазақ қылды. Оған қоса елдегі “Шоқан суитс” жайы.Көз алдымда жер үшін жанын берген батырларым, ашаршылықта қырылған қазағым, саяси қуғын - сүргінге ұшыраған Алаш ардақтылары, Желтоқсан көтерілісінде қыршын кеткен аға - әпкелерім бірінен соң бірі сырғып өтіп жатыр…", - деп жазды ол.