Шоу-бизнес

«Ұшақ билеті мен клип шығынын өзім төлеймін»: Төреғали Төреәлі жас таланттарға ұсыныс жасады

«Ұшақ билеті мен клип шығынын өзім төлеймін»: Төреғали Төреәлі жас таланттарға ұсыныс жасады

Танымал әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желіде жас өнерпаздарға арнап ерекше ұсыныс жасады. Ол елдегі талантты әншілердің бірімен дуэт орындауға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Әншінің айтуынша, қай қалада тұратыны маңызды емес. Ең бастысы — таза дауыс, шынайы ниет және өнерге деген махаббат.

«Құрметті достар! Көңілімде көптен бері жүрген бір ой бар. Мен еліміздің жас әрі талантты әншілерінің бірімен дуэт орындағым келеді. Қай қалада тұратыныңыз маңызды емес. Ең бастысы — таза дауыс, шынайы ниет және өнерге деген махаббат. Егер менімен дуэт айтқыңыз келсе — сізде осындай мүмкіндік бар. Біз бірге жаңа ән жазамыз. Ұшақ билеті, тұру және бейнебаян түсіру шығындарының барлығын мен өз мойныма аламын. Сізден тек әдемі ән айту, жүректен шығатын өнер керек», – деп жазды Төреғали Төреәлі.

Сонымен қатар ол композиторларға да үндеу жасап, жаңа әндер мен әуендер ұсынуға шақырды.

«Егер сіздерде жақсы әндер немесе әуендер болса, өз ұсыныстарыңызды жіберіңіздер. Келіңіздер, бірге халықтың рухын көтеретін, жүректерге жететін, елге сүйікті болатын жаңа ән жасайық. Сіздерді күтемін. Өнер жолында бірге кездескенше!», – деді әнші.

Барлық жаңалық