Жаңалықтар

Әскерде жарақат алған сарбаздың жаназасы: Шейх Кунта Қажы мешітіндегі қаралы жиын

Әскерде жарақат алған сарбаздың жаназасы: Шейх Кунта Қажы мешітіндегі қаралы жиын

Бүгін Астана жұртшылығы Ербаян Мұхтарды ақтық сапарға шығарып салды. Ұлттық ұланның бұрынғы сарбазы әскерде алған жарақатынан көз жұмды. Ұзаққа созылған ем шаралары жігітті ажалдан арашалап қала алмады. Қаралы жиын Шейх Кунта Қажы атындағы мешітте өтті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Марқұммен қоштасуға бірнеше жүз адам жиналды. Жаназаға жігіттің туған-туыстары мен достары келді. Бұған қоса қайғылы жағдайға бейжай қарамайтын көптеген қазақстандықтар табылған. Еркектер қауымы сап түзеп жаназа намазын оқыды. Осыдан кейін марқұмның мәйіті зиратқа жеткізілді.

Мешіт ауласына Ұлттық ұланның өкілдері мен әскери қызметкерлері де келген. Олар қаралы жерге бір автобуспен жетті. Алайда форма киген азаматтар тілшілермен тілдесуден үзілді-кесілді бас тартты.

Барлық жаңалық