Ескерткіш авторы республикаға танымал мүсінші, Доғал би ұрпағы - Нұрбол Қалиев.
Мектепке заманауи спорттық жабдықтармен жаттығу залы тарту етілді.
" Дуалы ауыз Доғал би" кітабында бабаның еліне сіңірген еңбегі, өнеге өсиеттері қамтылып, тарихи естеліктер жарияланды, қазақтың танымал ақындарының арнау жырларына да орын берілді.
Доғал бидің он бір ұлынан тараған ұрпақтың шежіресі де жарық көріпті.
Аламан бәйгесі, балуан күресі бар ас та сән -салтанатымен жарқырап, ың - шыңсыз өтті.
Ас өтіп той тарқағанмен ұрпақ жадында өнеге, тағлымы қалды.
Күлзия Аукашова, ҚР Білім беру ісі үздігі