Ерлан Сағынаев Қазақстанның Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды, деп жазады Ozgeris.info.
Ол 1978 жылы Ақмола облысында туған. Жоғары білімін Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде, заң академиясында және Қарағанды мемлекеттік университетінде алған.
Еңбек жолын 1999 жылы Салық комитетінде бастаған. Кейін түрлі өңірлерде – Маңғыстау, Қарағанды, Қостанай және Атырау облыстарында салық департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2021 жылдан бері Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментін басқарды. Енді вице-министр қызметін атқаратын болады.