Шоу-бизнес

«Ұйқысыз түндер өтуде»: Димаш Құдайберген жазбасымен ойландырып қойды

«Ұйқысыз түндер өтуде»: Димаш Құдайберген жазбасымен ойландырып қойды

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген алдағы концерттік турына дайындық барысын көрсетті, деп хабарлайды Ozgeris.info

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында студиядан кадрлар жариялап, жаңа музыкалық материалдар әзірлеп жатқанын жеткізді.

«Студиядан сәлем! Алдағы турға арналған жаңа материалдарды дайындап жатырмын. Тур алғашқы сахнаға шыққан сәттен әлдеқайда бұрын басталады. Ол ойлардан, ұйқысыз түндерден, студияның тыныштығынан және мұның бәрі бір күні біз бірге бастан кешіретін сәтке айналарына деген сенімнен бастау алады», – деп жазды Димаш Құдайберген.

Әнші осылайша концерттік турға дайындық көрермен алдына шығудан бұрын басталатын ұзақ шығармашылық үдеріс екенін аңғартты.

Барлық жаңалық