Қоғам

Үйленсе, 10 жылға сотталады

Қазақстанда мәжбүрлі некеге қатаң жаза енгізілді. 19 тамыздан бастап Қазақстанда некеге мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауапкершілік күшейді. Енді мұндай қылмыс жасағандар 10 жылға дейін сотталуы мүмкін, деп жазады Ozgeris.info.

Жаңа заң бойынша Қылмыстық кодекске 125-1-бап қосылды. Онда қорқытып, күш қолданып немесе басқа жолмен некеге мәжбүрлеген адамға 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Егер ауыр зардап келтірсе, жаза 10 жылға дейін ұлғаяды.

Прокуратура мәліметінше, кейінгі 5 жылда осындай 257 іс тіркелген, бірақ көбісі тоқтатылып келген. Енді жәбірленуші босатылса да, іс жабылмайды.

Заң азаматтардың құқығын қорғауды күшейтуге және мәжбүрлі некеге қоғамның мүлде төзбеуін қалыптастыруға бағытталған.

Барлық жаңалық