Шоу-бизнес

«Тұрсынбектің өзі де, көзі де жоқ»: желіде Сәкен Майғазиевтің тілегі қызу талқыланды

«Тұрсынбектің өзі де, көзі де жоқ»: желіде Сәкен Майғазиевтің тілегі қызу талқыланды

Әнші Сәкен Майғазиевтің тележүргізуші Мөлдір Мұқанның отбасылық мерекесінде айтқан тілегі әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Мөлдір Мұқан жақында отбасындағы үш маңызды қуанышты бір кеште атап өткен болатын. Салтанатты жиында сөз алған Сәкен Майғазиев:

«Тұрсынбек пен Мөлдірдің кішкентай құлыншақтары сенімдерін ақтай берсін», – деп ақжарма тілегін білдірген.

Алайда бұл сөзден кейін желі қолданушыларының бір бөлігі өнер иесін сынға алды. Олар Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанның ажырасқанын еске салып, мұндай жағдайда бұрынғы жұбайының есімін атаудың орынсыз екенін жазды.

Пікір қалдырушылардың бірі:

«Сәкен мырза, Тұрсынбекті екінші отбасына барған кезде құттықтайсыз. Бұл – Мөлдірдің шаңырағы. Әке болып келмей ме? Қазір заман басқа. Келсе, Мөлдір кет демейді ғой. Ел алдында жүрген азамат сонда екіншісімен өте алмай келе алмай тұр ғой, ол әйелі білетін отбасы екені», – деп жазған.

Тағы бір қолданушы:

«Тұрсынбектің өзі де көзі де жоқ қой. Ондай адамды айтып қыстырудың не қажеті бар?» – деген пікір қалдырған.

Сонымен қатар, кейбір желі қолданушылары Сәкен Майғазиевтің сөзінен ешқандай астар іздеудің қажеті жоқ екенін айтып, оның тек балаларға ақ тілегін жеткізгенін алға тартты.

Барлық жаңалық