Шоу-бизнес

"Тамағыма өксік тығылды": Наркенже Серікбаева үлкен қызы туралы құпиясын ашты

"Тамағыма өксік тығылды": Наркенже Серікбаева үлкен қызы туралы құпиясын ашты

Әнші Наркенже Серікбаева Оңтүстік өңіріне белгілі әулеттің қуанышына қатысып, әлеуметтік желідегі парақшасында әсерімен бөлісті, деп жазады Оzgeris.info сайты.

Өнер иесі құдалықта өзінің көпшілікке танымал «Келін болған қызымды» термесін орындағанын айтып, оның авторы туралы да жазды.

«Бүгін Оңтүстікке белгілі өнегелі әулеттің құдалығында болдық. Ербол Садыр ағамыз келін алып, шаңырағы шаттыққа бөленіп, қуанышқа кенеліп жатыр. Қыз ұзатып, келін алған қай қазақтың қуанышына барсам да “Келін болған қызымды” деген термемді сұрайды», – деп жазды әнші.

Наркенже Серікбаева бұл терменің авторы Ербол Садырдың әкесі Әбілхайыр атасы екенін атап өтті.

«Осы терменің авторы Ербол ағамыздың әкесі, Әбілхайыр атамыз екенін бірі білсе, бірі білмес. Тағылымы терең терменің тамыры тереңде жатыр. Өзім де Жансаямды ұзатқан кезімде тамағыма өксік қадалып осы термені орындағанмын», – деді ол.

Әнші қазақы дәстүрдегі қыз ұзату мен келін түсірудің мәніне тоқталып, жас жұбайларға ақ тілегін білдірді.

«Қай заманда да қыз берген, қыз алған оңай емес екі жаққа да. Жастардың бақыты баянды, сезімдері аяулы болсын! Тек тойда жүздесейік жақсыларым!» – деп жазды Наркенже Серікбаева.

Сондай-ақ өнер иесі той иелеріне алғысын айтып, көңілдің орны бөлек екенін жеткізді.

Барлық жаңалық