Шоу-бизнес

"Жылап отырмын...": Алагөзовтің бірінші әйелі өткен өмірінен сыр шертті (ВИДЕО)

"Жылап отырмын...": Алагөзовтің бірінші әйелі өткен өмірінен сыр шертті (ВИДЕО)

Кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы жары Ляйсира Марат архивтік суреттерін бөлісті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Ол ұлы Арсенді туған күнімен құттықтап, видео жариялаған. 

"Бүгін сен 30 жасқа толдың! Алдағы 30 жылға армандарыңды жоспарлап, бәрін жүзеге асыруға тілектеспін. Сенің арманыңа сеніммен ұмтылып, үнемі дамып, жүрегіңдегі мейіріммен өмір сүретініңе сенемін. Өйткені сен махаббатпен дүниеге келген жансың. Сені мақтан тұтамын, жақсы көремін!", - деді Ляйсира Марат.

Осы тұста желі қолданушылары Баян мен Ляйсираны салыстырып түрлі пікір жазды. 

"Жылап отырмын... Осындай отбасы қалайша ыдырап кетті? Суреттерден-ақ қаншалықты бақытты болғандарыңыз көрінеді", "Тұрсын бұл қарым-қатынасты лайықты түрде аяқтауы керек еді. Махаббаттың суып кетуі – қалыпты жағдай. Бірақ сүймейтінін айтып, ұлын да ауыр сөзбен кемсітуі дұрыс болмады. Балаларыңның анасын және кезінде өзің таңдаған адамды қорлауға болмайды. Тұрсын осылай айтып, өз өмірінің бір бөлігін өзі жоққа шығарды", "Тұрсынның ең әдемі жылдары бірінші отбасымен өткен. Ол нағыз гауһарын жоғалтты", "Тұрсын Ляйсираның қасында еркек, ал Баянның жанында оған бағынышты", дейді көпшілік. 

Барлық жаңалық