Шоу-бизнес

“Боқтап жіберетін”: Ләйлә Сұлтанқызы өткен өмірін есіне алды

“Боқтап жіберетін”: Ләйлә Сұлтанқызы өткен өмірін есіне алды

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында бүгінгі отбасы құндылықтары мен ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы туралы ой қозғады, деп хабарлайды ozgeris.info.

Журналист өткен буынның қиындыққа мойымай, барға қанағат етіп өмір сүргенін еске алды.

"Біз әкеміздің кейде шыдамай шешемізді боқтап жіберетінін көріп өскен, үйден қашып тығылған, бір бөлмеге бүкіл отбасы сыйған, қант пен ұнды көршіден сұрап алған, перзентханада шамның жарығымен босанған аналарды көрген ұрпақпыз. Ата-анамыздың жалақысын айлап күткенін, анамыздың бір етікті он жыл кигенін көріп өстік", – деп жазды ол.

Ләйлә Сұлтанқызының айтуынша, бұрын ерлі-зайыптыларды көбіне жоқшылық сынаса, бүгінде адамдарды таңдау мүмкіндігінің көптігі сынап жатқандай.

"Ол кезде жұбайыңды ауыстыру оңай емес еді. Сондықтан көпшілік алдымен қарым-қатынасын сақтап қалуға, түзетуге тырысатын. Ал бүгінде кейде керісінше. Қарым-қатынасты түзеткеннен гөрі, адамды ауыстыру әлдеқайда оңай болып кеткендей... Өкінішті", – деп түйіндеді тележүргізуші.

Барлық жаңалық