Танымал әнші Тамара Асар Қазақстан халық партиясы атынан Құрылтай депутаттығына үміткер болып тіркелді, деп хабарлайды
"Құрметті ОТАНДАСТАР!
Бүгін мен үшін ерекше әрі жауапкершілігі зор күн.
Өнер адамы ретінде ғана емес, халықтың қызы ретінде, елінің амандығын, жұртының тыныштығын жүрегімен сезінетін азамат ретінде шығып тұрмын!!!
Мен — халықтың қызымын.
Ес білгелі өмірім халықпен байланысты!
Үлкен қалаларда да, шалғай ауылдарда да, үлкен кен орындарда да елмен жүздестім.
Аналардың тілегін, ақсақалдардың батасын, жастардың арманын, қарапайым еңбек адамдарының үмітінің отын байқадым.
Сонда бір нәрсені анық түсіндім: өнер адамы халықтан бөлек өмір сүре алмайды.
Өнердің де, өмірдің де тамыры — халықта.
Маған бұл партияның “Халық” деген
атауының өзі өте жақын.
Бағдарламамен таныстым. Көңіліме қонды.
Мен @halyk_partiyasy Халық партиясына барлық мәселенің жауабын білемін деп келген жоқпын. Мен тыңдауға, үйренуге, бірге жұмыс істеуге, елмен бірге болуға келдім. Өйткені халықпен жұмыс істеудің ең басты шарты — шынайылық.
Өмірде әр адамның басынан әр түрлі сынақ өтеді. Менің де тағдырым өзгеше жолды таңдапты. Сондықтан қиындық көрген адамның көңіліне жылы сөздің, шынайы қолдаудың, әділдіктің қаншалықты қажет екенін жақсы түсінемін. Адам қиналған кезде оған құрғақ уәде емес, жанашырлық керек екен. Оған биік мінберден айтылған сөз емес, жүректен шыққан шынайы қолдау керек.
Аяғын қолын жоғалтқан адамдардың жүректеріне жалау болармын мүмкін. Мен бұл тақырыпты өзім арқылы ұзақ зерттедім. Ол жайындағы мәселелерді бүге-шүгесін жақсы білетініме сенімдімін. Осы мәселені көбірек қозғауға тырысамын.
Бұл партиядағы жол менің өнердегі жолымның саяси жалғасы болсын деймін. Өйткені өнерде де, қоғамдық істе де басты мақсат біреу — халыққа жақын болу, елге пайдалы болу, жүректерге жылу сыйлау.
Барлығымыдың илегеніміз бір терінің пұшпағы. Халықтың әлеуметтік әл ауқатын арттыру! Барлық партиялардың мақсаты да біреу ғана деп түсінемін!!!
Қазақстан Халық партиясына маған @halyk_partiyasy сенім білдіргені үшін алғыс айтамын.
Ең бастысы, мені өмір бойы демеп, рух беріп келе жатқан Қазақ деген ұлы Халқыма басымды иемін!", - деп жазды ол.
Алайда оқырмандар оның бұл әрекетін құптамады.
"Депутат болу үшін заңгер, экономист, сыртқы және ішкі саясаттан хабары бар адамдар түсу керек деп ойлаймын", "Әніңді айтып жүре берсей, саясатта не шаруаң бар, заңдардан хабарың бар ма?", "Мәссаған, ал керек болса, жетпегені әншілер еді, еліміз құлпырып кететін болды", "Әртіс, әнші биші апайлар ағайлар орын орындарыңызбн жүрсеңіздер екен, Құрылтайда өлең айтасыздар ма, әртістенесіздер ма", "Құрылтайда әншілер топ құра ма?", "Цирк болады екен ғой онда", - деп жазды желі қолданушылары.