Шоу-бизнес

"Жұмабектің мойнында отыр": Динара Сәтжан кәсіпкердің бұрынғы отбасы туралы айтты (ВИДЕО)

"Жұмабектің мойнында отыр": Динара Сәтжан кәсіпкердің бұрынғы отбасы туралы айтты (ВИДЕО)

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан журналист Шолпанға сұхбат берді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Айтуынша, желідегі "5 баласына көмектеспейді" деген ақпараттың бәрі жалған. 

"Бәрі Жұмабекті 5 баласын тастап кетті деп айтады. Бірақ Жұмабек ешкімді тастап кеткен жоқ. Бұл екі ересек, саналы адамның таңдауы. Сен ешкімді қинап ажырастырып немесе үйлендіре алмайсың ғой. Біз ажырасқанда өз балаларымыздан бас тартпаймыз ғой. Ол да бас тартқан жоқ. Оның балаларымен қарым-қатынасы керемет. Әрқашан байланыста. Ол өте балажан. Ол әйелін дымсыз қалдырып, тастап кеткен жоқ. Үлкен балалары шетелде оқиды. Олардың да барлық шығындары Жұмабектің мойнында. Ол көптеген студенттерге шәкіртақы төлейді. Ол өзінің ұстаздарына зейнетақы төлейді. Олимпиада чемпиондарына, ұстаздарына көлік сыйлайды. Осыншама бөтен адамдарға көмектесіп жүрген адам өз балаларына көмектеспейді деп ойлайсыздар ма? "Тартып алды", "Ажырастырып алды" деген адамдар айта берсін. Бұл Жұмабектің өзінің таңдауы болды", - деді ол.

Барлық жаңалық