Тележүргізуші Әсем Құралбек аралары 30 жас Омар мен Аида туралы ақпар таратты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Бұл туралы ол жеке парақшасында жазды.
"Омар мырзаның айтуынша әкесі мен анасы туған бөле. Тіпті аралары 35 жас болған. “Әкемнің жолын қуып, 30 жас кіші қызға үйлендім”, - дейді Омар атам. Сіз не дейсіз?", - деді ол.
Сондай-ақ олардың сәби күтіп жүргенін сүйіншіледі.
"Сүйінші! Жуырда Алпысбай дүниеге келмек! Махаббат жасқа қарай ма?
Аралары 30 жас Омар ата мен Аиданың құтты шаңырағында қонақта болдық.
Мен Әсем Құралбекқызы кәсіби журналист, кәсіпкер, продюсер әйел ретінде Аидаға өз тарапымнан қолдау көрсеткім келді. Олардың отбасындағы жаңалықтарға тәнті болдым. Атам алпыстан асса да, пайғамбар жасына жетсе де, жуырда Алпысбай немесе Алпысгүл дүниеге келмек! Қатарластары немере сүйсе, атамыз бала сүйіп жатыр. Бақытты отбасыға куә болдым. Атамыз қартаюдың орнына жасаруда. Бұл бәріне - ҮЛГІ. Біреудің шаттығына қуана білейік", - деп жазды журналист.