Танымал актер Уәлибек Әбдірайымов концерт кезінде әріптесі Тұрсынбек Қабатов туралы тосын мәлімдеме жасап, оның екі күннен бері хабарсыз кеткенін айтты, деп жазады turkystan.kz.
Өнер иесі көрермендерге қарата сөйлеген сөзінде:
«Мөлдірді танитын шығарсыздар? Бірақ қазір Айман деген келін де бар... Сіздердің алдарыңызда ыңғайсызданып тұрмын. Екі күн болды — Тұрсынбекті таба алмай жатырмыз. Шынын айтқанда, бұл күлетін жағдай емес. Күйеуің жоғалып кетсе, оған күлуге бола ма?» – деді.
Сондай-ақ, ол әріптесін іздеу оңай болмай жатқанын жеткізді.
«Іздейтін жерлерді қарастырайын десем, кейбіріне барудың өзі қажет емес сияқты. Екі күн бойы хабарсыз кеткен адамды табу оңай емес. Тіпті өз жары таба алмай отырғанда, мен қалай табайын? Айтыңыздаршы?» – деп ойын жеткізді.