Алматы облысы

«Туған қызы анасын өлтірген»: Алматыда 11 жыл бұрынғы сұмдық қылмыс әшкереленді

«Туған қызы анасын өлтірген»: Алматыда 11 жыл бұрынғы сұмдық қылмыс әшкереленді

Алматы қаласында осыдан 11 жыл бұрын жасалған ауыр қылмыс әшкереленді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментінің басшысы Мұхтар Қожаев мәлімдеді, деп хабарлайды Оzgeris.info ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Оның айтуынша, жыл басынан бері тергеушілер мен анықтаушылардың өндірісінде шамамен 216 мың қылмыстық іс болған. Соның нәтижесінде 54 мың адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Аталған істердің қатарында бұрын жасалып, ашылмай келген қылмыстар да бар.

 

Соның бірі Алматы қаласында тіркелген зейнеткер әйелдің өліміне қатысты іс. Қылмыс 11 жыл бұрын жасалғанымен, биыл тергеу қайта жанданып, дәлелдемелер мұқият сарапталып, куәлардан қайта жауап алынған. Тергеудің дұрыс тактикасы мен сауатты қойылған сұрақтардың арқасында істің мән-жайы толық ашылған.

 

Нәтижесінде марқұмды өлтірген адам оның туған қызы екені анықталды. Күдікті қылмысты пайдакүнемдік мақсатта жасағаны белгілі болды.

 

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, мұндай қылмыстардың ашылуы кәсіби тергеу мен жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі.

Барлық жаңалық