Қоғам

«Тойып алдық»: Мақпал Жүнісова сахнада күтпеген мәлімдеме жасады

«Тойып алдық»: Мақпал Жүнісова сахнада күтпеген мәлімдеме жасады

Әнші Мақпал Жүнісова Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Қараөзен ауылының 60 жылдығына арналған мерекелік шараға қатысып, өңір тұрғындарының қонақжайлығына ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info

Өнер иесі концерт алдында Қараөзен ауылына іргелес орналасқан Жалпақтал кентіне барған. Ол белгілі композитор әрі өнер жанашыры Баян Қабиеваның дастарханынан дәм татып, сахнаға шығар алдында тойып алғанын әзілмен жеткізді.

Сөз арасында әнші өзіне қатысты ел арасында айтылатын түрлі әңгімелерге де тоқталды.

«Тойып алдық дегенге басқа нәрсе деп ойлап қалмаңдар. Тұзымыз жеңіл адамдармыз. Өмір бақи онымен айналыспасақ та, солай атымыз шығып кетті. Біздікінің бәрі көрініп тұрады ғой. Сондықтан мен оған қатты қайғырып жүрген жоқпын. Айтқан адам айта берсін. Өзім аман болсам болды», – деді әнші.

Барлық жаңалық