Түркістан облысының Ленгер қаласында түнде бірнеше адам әйелдің үйіне заңсыз кіріп, оны байлап, бірнеше сағат бойы ұрып-соққан. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды,деп хабарлайды Ozgeris.info.
Алдын ала мәлімет бойынша, белгісіз адамдар түнгі уақытта тұрғын үйге кіріп, әйелге дене жарақатын салған және оның ұялы телефонын алып кеткен. Зардап шегуші таңғы сағат 5:00-ге дейін үйінде байлаулы жатқан.
Оқиға орнынан түсірілген кадрларда үйдің терезелері сынғаны, заттардың шашылып, бөлмелердің астан-кестені шыққаны көрінеді. Әйелдің бетінде бірнеше жарақат пен қатты ісік болған.
Қазіргі таңда әйелдің жағдайы тұрақты, денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Полиция күдіктілерді жедел анықтап, ұстауға бағытталған жедел-тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Полицияның мәліметінше, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеуге қатысты өзге ақпарат жария етілмейді.