Шоу-бизнес

"Тағы туа берсін": Гүлзира Айдарбекова кіші келініне ерекше сыйлық сыйлады (ВИДЕО)

"Тағы туа берсін": Гүлзира Айдарбекова кіші келініне ерекше сыйлық сыйлады (ВИДЕО)

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова кіші келіні Индираға ерекше сыйлық жасады, деп хабарлайды 

Ол күтуші ретінде үйіне филиппин қызды жұмысқа алған. 

"Тағы да бір қызды болдым. танысып қойыңыздар, есімі Джой", - деп жазды ол. 

Оқырмандар бұл жайтқа түрлі реакция білдірді. Кейбіреуі "Өзімізден табылмады ма!", "Келін жас қой өзі қарай алмайды ма, 1 бала ғой"  деп пікір жазған. 

Гүлзира Айдарбекова төмендегідей жауап берді. 

"Өзімен айналыссын. Тағы туа берсін уайымсыз. Үйдің жұмысынан еш келінім қиналған емес, көмекші дайындап берем ғой бәріне де, енді ағылшын тілін меңгеруге қосымша көмек болады. Ұнап жатса басқа келіндерге де қарастырамын. Олар контрактымен келген соң, өз жұмыстарына ұқыпты болады, басқа түкпен шаруасы жоқ", - деп жазды продюсер. 

 

Барлық жаңалық