Қазақстанның барлық су ресурстарының шамамен 60%-ын ауыл шаруашылығы тұтынады. Су ресурстарын үнемдеу үшін егіншілерді заманауи суару әдістерін қолдануға ынталандыруда, деп жазады Ozgeris.info.
Бұл ретте аталған технологиялар өнімділікті арттыруға да мүмкіндік береді. Олардың қатарында қажетті инфрақұрылымды салуға жұмсалған шығындарды өтеу, жаңбырлатып суару машиналарын, тамшылатып суару жүйелерін сатып алу және орнату шаралары бар. Бұл шешімдер қазірдің өзінде оң нәтиже беріп отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқаптардың көлемі 543 мың гектарға жетті. Ал биыл мұндай технологиялар тағы 163 мың гектар алқапқа енгізілуде. Су үнемдеу технологияларын кезең-кезеңімен енгізу жыл сайын 2,2 млрд текше метрге дейін су үнемдеуге мүмкіндік береді деп күтілуде. Су үнемдеу технологиялары саланың климаттың өзгеруіне төзімділігін арттырады.
Қорыта айтқанда, Қазақстан өнімділікті жүйелі түрде арттырып, жаңа технологияларды енгізіп, өндіріс көлемін кеңейтіп келеді. Соның арқасында елдің әлемдік азық-түлік жүйесіндегі рөлі нығая түсуде. Қазақстан Еуразиядағы ірі агроазық-түлік хабы ретінде қалыптасып келеді және мұндай модель отандық ауыл шаруашылығы дамуының заңды әрі орынды кезеңіне айналуда.