SCAT әуе компаниясының Астана–Шымкент рейсінде жолаушының есінен танып қалуы жағдайы болды. Ұшақта дәрігер болмағанымен, 24 жастағы Қарағанды медицина университетінің 7-курс студенті Дінмұхаммед Шегебаев сәтті әрекет жасап, жолаушыға алғашқы көмек көрсетті деп жазады Оzgeris.info.
Студенттің айтуынша, ер адам стресске түскен, себебі оның ұлы рейске жіберілмеген.Дінмұхаммед жолаушыны жатқызып, аяқтарын көтеріп, киімін босатты және маска арқылы оттек берді. Осыдан кейін жолаушының жағдайы жақсарды.
Ұшақ қонған соң, жолаушыны жедел жәрдемге тапсырды. Көпшілік студенттің батылдығы мен жылдам әрекетіне ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты.