Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың өкімімен және Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Айдар Серікқазыұлы Садырбаев ШҚО әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Айдар Садырбаев 1986 жылы бұрынғы Семей облысы, Жаңасемей ауданының Новопокровка ауылында дүниеге келген. 2009 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Тарих» мамандығы бойынша бітірген.
-
2009 жыл: Еңбек жолын Бородулиха ауданы, Переменовка ауылындағы орта мектепте мұғалім болып бастаған.
-
Мемлекеттік қызмет: Бородулиха ауданы мен Семей қаласының ішкі саясат бөлімдерінде нұсқаушы, жетекші әрі бас маман, бөлім басшысының орынбасары және басшысы болды.
-
Басшылық лауазымдары: Семей қаласы әкімінің орынбасары, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы, сондай-ақ Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының Ішкі саясат басқармаларын басқарды.