Жаңалықтар

«Қызымды тауып бер!»: Марқұм Мадинаның анасы Мадиярмен кездесті

«Қызымды тауып бер!»: Марқұм Мадинаның анасы Мадиярмен кездесті

Жамбыл облысы Меркі ауданында қаза тапқан Мадинаның анасы қайғылы оқиғадан кейін күдікті Мадияр есімді азаматпен кездескен, деп хабарлайды Ozgeris.info

Кездесу кезінде анасы көз жасына ерік берген. Бұл туралы журналист Жан Ахмадиев айтты.

«Қызымды қайтар! Өлген қызымды қайтар!» деп жылаған.

Оның айтуынша, Мадина ісі бойынша сараптама нәтижесі дайын болған. Қазір істі заңгерлер қолға алып, тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр.

Оқиға желіде қызу талқыланып, қолданушылар күдіктіге қатысты түрлі пікір білдірді. Көпшілік оның әрекетіне наразылығын білдіріп, Мадинаның анасына қолдау көрсетті.

Барлық жаңалық