Қоғам

Құрылтай депутаттарының жалақысы 1 млн теңгеге дейін жетеді

Құрылтай депутаттарының жалақысы 1 млн теңгеге дейін жетеді

Құрылтай депутаттарының ай сайынғы еңбекақысы еңбек өтіліне қарай белгіленеді. Жалақы мөлшері 600 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін барады. Бұл туралы Құрылтай төрағасының орынбасары Дания Еспаева брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Оның сөзінше, депутаттың еңбек өтіліне байланысты жалақысы 1 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін.

Депутаттық әдеп талаптарын бұзған жағдайда қолданылатын жазалардың бірі – бір күндік жалақыдан айыру. Оның мөлшері депутаттың ай сайынғы табысына қарай есептеледі.

Дания Еспаеваның айтуынша, бұл шара депутаттық әдеп нормаларын сақтауды қамтамасыз ететін тәртіптік тетіктердің бірі.

Барлық жаңалық