Шоу-бизнес

«Құрлытайға өзің бара бер!»: Тұрсынбек сайлауға шақырамын деп сынға қалды

«Құрлытайға өзің бара бер!»: Тұрсынбек сайлауға шақырамын деп сынға қалды

Тұрсынбек Қабатов сайлау алдында сынға қалды, деп хабарлайды Ozgeris.info

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына жұртты шақырамын деп, сынның астында қалды.

Ол видео үндеуінде «Құрылтай» сөзін екі рет «Құрлытай» деп қате айтып, желі қолданушыларының назарын аударды.

Оқырмандар оны сынап тастады. 

"Тұрсынбек, Құрлытайға өзің бара бер, біз құрылтайға барамыз", "Құрылтай дегенді дұрыс айтып үйреніп алшы сен бірінші", "Бұған не жоқ", "Бала-шаға, тоқалыңмен өзің бара берші", "Біз құрылтайға барамыз", - деп жазды көпшілік. 

Барлық жаңалық