Қостанай облысы

Қостанайда 68 жастағы әйелді көлік қағып өлтірді

Қостанайда 68 жастағы әйелді көлік қағып өлтірді

Қостанайда жантүршігерлік жол апаты салдарынан 68 жастағы әйел қаза тапты деп хабарлайды Оzgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтемемен. Қайғылы оқиға 12 желтоқсан күні күндіз қала көшелерінің бірінде болған.Алдын ала мәлімет бойынша, зейнеткер әйел жолды жаяу жүргіншілер өткелі арқылы кесіп өтпек болған сәтте жеңіл автокөлік қағып кеткен.

 

Оқиға орнында түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады. Кадрлардан автобустың жүргізушісі жаяу жүргіншіні өткізу үшін тоқтағаны, алайда қарсы бағыттан келген жеңіл көлік аялдамай, әйелді соққаны анық көрінеді.

 

Алған ауыр жарақаттарының салдарынан 68 жастағы қала тұрғыны оқиға орнында көз жұмды. Бұл ақпаратты Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

 

Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Көлік жүргізушісі күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына (ИВС) қамалды.

Барлық жаңалық