Қоғам

"Қолымнан келгенін жасадым": Яна Легкодимованың анасы үкім шыққан соң қызына жазба арнады

"Қолымнан келгенін жасадым": Яна Легкодимованың анасы үкім шыққан соң қызына жазба арнады

Галина Легкодимова қызының өліміне қатысты істе айыпталушыларға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған соң, Instagram желісінде әсерлі жазба жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Галина Легкодимова жантебірентерлік жазбасын марқұм қызына арнаған.

"Қызым менің, мен қолымнан келгенін жасадым. Сенің жаның тыныш болсын", - деп жазды Яна Легкодимованың анасы.

Желі қолданушылары қайғыдан қан жұтқан анаға қолдау білдіріп, оған мықты болуға шақырды.

Айта кетейік, бүгін Атырау облысының Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында Атырау тұрғыны Яна Легкодимованы өлтіру ісі бойынша сот процесі аяқталды.

Барлық жаңалық