Қоғам

«Қолымдағы билетті жыртып тастады»: Алтынбек Қоразбаев Асанәлі Әшімов туралы айтты

«Қолымдағы билетті жыртып тастады»: Алтынбек Қоразбаев Асанәлі Әшімов туралы айтты

Алтынбек Қоразбаев марқұм Асанәлі Әшімовке жазып берген "Жан балам" әні туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Ozgeris.info

Композитор аталмыш туындыны үш жыл шығарғанын айтты. 

"Асанәлі Әшімовпен өте көп араластым. Мені өзінің бауырындай көрді. Екеуміздің арамыз өте жақсы болды. 36 жыл бұрын астымда жаңа машина. Нөмірін енді алдым, Жамбылдың нөмірі. Менің 40 жасым, Асанәлі ағамның 48 жасы. Сол кезде мені көріп: Ой, Алтошкы қайдан жүрсің, деді. Аға, осы жаққа ауысып жатырмын, көшіп келуге қам жасап жатырмын дедім. Машинамды көріп, жақсы екен деп құттықтады. Қасында отырып шай іштік. Ертең ұшамын деп едім, билетімді жыртып тастады да ертең машинамен барамыз деді. Солай мені еркелететін. Менің бақытым ол әнді өзіне айтқызғаным. Аға еш уақытта ән айтып сахнаға шықпаған", деді Алтынбек Қоразбаев. 

Барлық жаңалық