Шоу-бизнес

"Қиын болыпты": Тұрсынбек Қабатовтың қазіргі күйі талқыға түсті (ВИДЕО)

"Қиын болыпты": Тұрсынбек Қабатовтың қазіргі күйі талқыға түсті (ВИДЕО)

Продюсер Гүлім Еркін әлеуметтік желідегі парақшасында жақында музыкалық жоба болатынын айтып, жазба жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info. 

Ол өзінің Instagram-дағы ресми аккаунтында "The Voice Қазақстан" жобасының жаңа маусымы басталатынын жариялады.

"11 қазаннан бастап, 20:00 The voice Қазақстан! Әрқашан Хабарда болайық!", – деп жазды продюсер.

Сонымен қатар жарияланған суретте көпшілікке белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың да бейнесі байқалады.

Желі қолданушылары әзілкештің сурет көріп: "Тұрсынбекке не болған?", "Қартайыпты ғой", "Ауырып жүр деп еді, қиын болыпты", "Бұрынғыдай емес", – деп пікір білдірді.

Барлық жаңалық