Желіде марқұм Асанәлі Әшімовтің төртінші әйелі Бағдат Әшімованың жоқтау айтып, зар илеген видеосы тарады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Видеодан актердің төртінші әйелінің дауыс шығарып жылап тұрғанын байқауға болады.
"Азаматым-ау... Асқар тауым құлады. Жатқан жерің жайлы болсын. Енді мұңымды кімге барып айтамын", - деген дауысты анық естуге болады.
Желі қолданушылары осы тұста пікірлерін қарша боратты.
"Бағдат әпкені қатты аяймын. Бар өмірін сол кісіге арнаған дана әйел", "Әртіс болған соң солай айтып тұрған болар бүкіл халыққа көрініп", "Жоқтау айтуды ұмытып барамыз. Бұл қазақ халқының салт-дәстүрі", "Бағдатқа сабыр берсін", "Жоқтауды жас өлікке айтады емес пе", деді пікір қалдырушылар.