Жаңалықтар

"Бір жыл бұрын жұбайымнан айырылдым": Шымкенттегі төбелесте ұлынан айырылған әке зар иледі

"Бір жыл бұрын жұбайымнан айырылдым": Шымкенттегі төбелесте ұлынан айырылған әке зар иледі

Шымкентте жол-көлік оқиғасынан кейін туындаған төбелес салдарынан қаза болған 40 жастағы Василий Колесниковтың әкесі ұлының қандай адам болғанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Марқұмның әкесі Александр Колесниковтың айтуынша, бір жыл бұрын жұбайы қаза тапқан. Ол Василийді әрдайым жақындары мен көршілеріне көмектесетін, спортпен айналысатын және отбасы үшін сенімді тірек болған адам ретінде еске алды.

“Отбасымызда енді оның орны ойсырап тұрады. Өзі спортшы еді. Балаларға білгенін үйрететін. Жанымызда жүрген адамның бір сәтте жоқ болуы өте қиын. Жұбайымнан бір жыл бұрын айрылып едім. Енді міне, ол да кетті”, – деді әкесі. 

Әкесінің айтуынша, ұлы мүгедектігі бар кішкентай балаға ерекше қамқорлық танытқан. Василий бір жаққа шықса, оған міндетті түрде бірдеңе әкелуге тырысатын дейді. 

Барлық жаңалық