Жаңалықтар

Вьетнамда жоғалып кеткен қазақ қызы елге қайтатын болды

Вьетнамда жоғалып кеткен қазақ қызы елге қайтатын болды

Вьетнамның Хошимин қаласында қаласында жоғалып кеткен қазақстандық бойжеткен Әсем Әубәкірді елге қайтару мәселесі шешіліп жатыр, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

«Вьетнамдағы дипломаттар мен құқық қорғау органдары қабылдаған жедел шаралардың арқасында аталған азамат табылды. Тірі, аман-есен. Қазір жанында консул бар. Қазір қызды елге қайтару мәселесі шешіліп жатыр», - деп мәлімдеді СІМ ресми өкілі Ерлан Жетібаев.

Естеріңізге салайық, Вьетнамның Хошимин қаласында 26 жастағы қазақстандық Әсем Әубәкір жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен. Бойжеткен 2026 жылғы 6 наурыздан бері байланысқа шықпаған.

Барлық жаңалық