Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман хейтерлерге жауап берді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Ол көпшіліктен өзінің жеке өміріне араласпауларын талап етті.
"Қыздар қалай өмір сүремін, не істеп істемеймін үйретпей-ақ қойыңдаршы. Өз ойларың өздеріңе. Қалай бар баяғыша солай өмір сүріп жүрмін. Сендер таныды екен деп инстаға шығап жүрген жоқпын. Ұнамай ма қарама. Адамның көңіліне қарап сөйлеу менен қалған. Өз бейнеңнің айналасынан шықпайтын пасық сөзің өзіңе қарағым. Алланың жаратылысына қарсы шығатын сен ешкім емессің былай қарағанда. Не вам судить. Бірінші айнаға қарап барып бір нәрсе айтыңдар", - деп жазды ол.
Айта кетейік, Тұрсынбек Қабатов 8 наурыз мерекесінде қыздарын құттықтап, кешкі асқа шақырған болатын. Осы себеппен екінші әйеліне түрлі пікірлер жазылған.