Алматыда үйінен шығып, хабар-ошарсыз кеткен 25 жастағы бойжеткен қоғамдық дәретханадан табылды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Денсаулығында кінәраты бар Әсел Сербаева 10 наурызда үйден шығып, қайта оралмаған соң анасы уайымдап дабыл қаққан болатын.
Іздеу барысында қыздың келеңсіз жағдайға тап болып, дәретхана шұңқырының ішіне құлап кеткені және одан өз бетінше сыртқа шыға алмай қалғаны белгілі болды.
Қиын жағдайға тап болған қызды ішкі істер органдарында 20 жылға жуық қызмет етіп келе жатқан Түрксіб аудандық криминалдық полициясының аға жедел уәкілі Олжас Оразалиев бірінші болып тауып, оған шұңқырдан аман-есен шығуға көмектескен.