Шоу-бизнес

«Құны 10 мың доллар»: Айсәуле Бақытбек өгей әкесіне ерекше сыйлық сыйлады

«Құны 10 мың доллар»: Айсәуле Бақытбек өгей әкесіне ерекше сыйлық сыйлады

Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек өгей әкесі Тұрсынғали Алагөзовке туған күніне ерекше сыйлық жасады,  деп хабарлайды Ozgeris.info

Айсәуле әлеуметтік желідегі парақшасында сыйлығын көрсетіп, Тұрсынғали Алагөзовті туған күнімен құттықтады.

«Бәрі бар адамға не сыйлауға болады? Туған күніңмен!» — деп жазды ол.

Жарияланған видеодан ақ түсті, салоны қызыл былғарымен қапталған көлікті көруге болады. Сыртқы келбетіне қарағанда, автокөлік 1980 жылдары шығарылған толық өлшемді америкалық Cadillac Brougham көлігіне ұқсайды.

АҚШ-та мұндай көліктердің бағасы шамамен 10 мың доллардан басталады. Ал автокөлікті Қазақстанға жеткізу мен кедендік рәсімдеу шығындарын қосқанда, оның жалпы құны бұдан да жоғары болуы мүмкін.

Барлық жаңалық