Қоғам

Ұлттық қорды 2029 жылға дейін не толтырады

Ұлттық қорды 2029 жылға дейін не толтырады

Ұлттық қордың таза валюталық активтері 2029 жылға қарай 70,6 млрд долларға жетуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Құрылтайдан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info

Вице-министр қорды толықтырудың екі негізгі көзі бар екенін атап өтті. Біріншісі – мұнай секторынан түсетін салықтар мен басқа да шикізаттық түсімдер. Екіншісі – Ұлттық қор активтерін басқарудан алынатын инвестициялық кіріс.

«Біріншісі – шикізат секторының салықтары. Екіншісі – Ұлттық банктің осы активтерді дұрыс басқарып, барынша көп кіріс табуы», – деді Әмрин.

Оның айтуынша, қордың таза валюталық активтері 2027 жылы 65,2 млрд доллар, ал 2029 жылы 70,6 млрд доллар деңгейінде болады деп болжанып отыр.

Барлық жаңалық