Қоғам

Қазақстан Халық Кеңесін құруға 1,7 млрд теңге бөлінеді

Қазақстан Халық Кеңесін құруға 1,7 млрд теңге бөлінеді

2027 жылғы республикалық бюджетте Президент бастамаларын іске асыруға арналған резервтен Қазақстан Халық Кеңесін құруға 1,7 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы қаржы вице-министрі Абзал Бейсембекұлы Құрылтайда мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info

2027 жылы бұл бағытқа 4,9 трлн теңге көзделген (оның 3,3 трлн теңгесі – күш блогына, 787 млрд теңгесі – мемлекеттік басқаруға).

Бастамаларды жүзеге асыру үшін 470 млрд теңге қалыптастырылған.

Мемлекеттік органдар 2027 жылға 36,9 трлн теңге сұрағанымен, нәтижесінде 30,2 трлн теңгесі мақұлданды. Шамамен 6,7 трлн теңгенің ұсынысы бюджетке енгізілмеді.

Вице-министрдің айтуынша, қысқартылған соманың 5,1 трлн теңгесі – тиісті құжаттармен және есептермен негізделмеген шығыстар, ал 1,3 трлн теңгесі – бюджет мүмкіндігіне байланысты кейінге қалдырылған даму жоспарлары.

Барлық жаңалық