Қоғам

«Қазақтарға Алланың мықты азабы керек»: Жамбылдық мұғалімнің мәлімдемесі жұртты шошытты

«Қазақтарға Алланың мықты азабы керек»: Жамбылдық мұғалімнің мәлімдемесі жұртты шошытты

Оқушыларға хиджаб киюге рұқсат берген мектептер лицензиясынан айырылуы мүмкін деген жаңалыққа «еліне қарғыс» айтып пікір жазған Жарқын Әбдікәрімовтің мектепте мұғалім болып жұмыс істейтіні белгілі болды, деп жазады Ozgeris.info

"Қазақтарға, Қазақстанға Алланың мықты бір азабы керек болып тұр. Күшті бір экономикалық зардап шегетін, экономикасы құлдырап кететін. Иә, Алла, күйретші. Әмин", деп пікір қалдырған ол. 

Оның бұл жазғаны қоғам наразылығын тудырып, артынша ұстаз елден кешірім сұрады. 

"Үш балам бар. Кішкентай оқушы қыздарым бар. Мектепке хиджаб киюге қатысты жазған жазбам үшін баршаңыздан кешірім сұраймын", – деді ол.

Барлық жаңалық