Жаңалықтар

«Сот арқылы ғана!»: Мадинаның енесі анасына немересін көрсетпей қойды

«Сот арқылы ғана!»: Мадинаның енесі анасына немересін көрсетпей қойды

Жамбыл облысының Меркі ауданында 19 жасында қайтыс болған Мадина Рашидқызының анасы 10 айлық немересімен кездесе алмай жүргенін айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info

Қайғылы жағдай Қызыл қыстау ауылында болған.

Жас келіншектің артында он айлық сәбиі қалған. Блогер Жан Ахмадиев әлеуметтік желідегі парақшасында оқиғаға қатысты видео жариялады.

Кадрларда марқұмның анасы немересін көру үшін құдаларының үйіне барғаны көрінеді. Алайда Мадинаның енесі оған баламен кездесу үшін сот арқылы рұқсат алу қажет екенін айтқан.

Оқиғаға байланысты Жамбыл облысының полициясы қылмыстық іс қозғаған. Құқық қорғау органдары Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, не соған ықпал ету») сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Қазір істің мән-жайы анықталуда.

Барлық жаңалық