Мақпал Жүнісова алғашқы махаббаты туралы айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Өнер иесі ол жанды әлі ұмытпағанын жасырмады.
"Алғашқы махаббатымды әлі ұмытқан жоқпын. Өте әдемі, сұлу бала болатын. Бірақ сол махаббат маған бұйырмады. "Кетсең де шалғай" әнді сол Қанатқа арнап жылап айтқам. Ол кісі қайтыс болды. Сол кезде соның баласы маған звондап: Мақпал апа, мен Қанат Карбузовтың баласы едім. Апа, әкемнің аманаты еді. Қайтыс болғанда Мақпалға айт деген, деді. Жүрегім дір ете қалды. Баласы маған жеткізіп тұр. Әлі күнде дейін ол кісінің суреттері мен хаттары сақтаулы", - деді әнші.