"Шаншар" театрының актеры Дәурен Әбиев күні кеше 2 жылға сотталған Нұрсұлтан Жақсыгенді жақтап шықты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Оның айтуынша Жақсыгенді соттатпаған дұрыс.
"Екеуін де жіті танымаймын. Бірақ, Фариза қарындасым, сен ақылды қызсың. Қазақтың қызысың. Сондықтан ақылға кел кішкене. Соттатпай-ақ қою керек еді деп жазып жатыр. Ертең түрмеде Нұрсұлтанға бірдеңе болса, халық сені кінәлайды. Нұрсұлтанның жағына өтіп кетеді бәрі. Кеше Нұрсұлтан үкім алғанда сіздің көзіңізден өкінішті байқадық. Руслан Өтепбайдың сөздерінен де өкінішті байқадық. Аппеляция болады ғой деп қайта-қайта айтып жатыр. Сотталғанын қалап тұрған жоқ Руслан да. Сондықтан ақылға келіп, сотталмайтын жағын қарастырғаныңыз дұрыс. Екі балаңыздың әкесі, небір тәтті күндерді өткізген жарыңыз бәрібір. Екі балаңыз үлкен қызметке келетін болса, алдынан шығып тұрады "әкесі сотталған" деп. Қосылғандарыңыз жақсы. Қосылмасаңыз соттатпай алып қалыңыз", - деді ол.