Қытай мен Непал шекарасындағы табиғи апат болған аумақта үш қазақстандық азаматтан әлі хабар жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Өсенов мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта қазақстандықтарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Дипломаттар жергілікті билік өкілдерімен байланыста болып, іздеу шараларына қатысуда.
«Өкінішке қарай, қазіргі таңда үш азаматымызға қатысты жаңа ақпарат жоқ. Дипломаттарымыз жергілікті билік органдарымен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Іздестіру жұмыстары жалғасуда», – деді Жанболат Өсенов.
СІМ өкілі жоғалған азаматтардың отбасыларымен байланыс орнатылғанын да атап өтті.
Бұған дейін Непал мен Қытай шекарасындағы табиғи апат аймағында үш қазақстандықтың хабар-ошарсыз кеткені хабарланған болатын.