Геннадий Шиповских өзінің еңбек жолын бастаған «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына қайта оралғанын мәлімдеді, передает сайт Ozgeris.info.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, араға бірнеше жыл салып, теміржол саласындағы үлкен ұжымға қайта қосылып отыр.
«Еңбек жолым осы темір жолдан басталған еді. Енді міне, араға біраз жыл салып, қайтадан осы үлкен ұжымның қатарындамын», – деп жазды Геннадий Шиповских.
Ол жаңа қызметінде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мүддесін білдіріп, жаңа міндеттерді атқаратынын атап өтті.
«Жаңа жұмыс, жаңа міндеттер! Алдағы уақытта баршаңызбен байланыста боламыз», – деді ол.