Қоғам

«Тұңғышбай аға бар емес пе»: Азамат Сатыбалды ірі тұлғалар туралы сөз қозғады

«Тұңғышбай аға бар емес пе»: Азамат Сатыбалды ірі тұлғалар туралы сөз қозғады

Актер Азамат Сатыбалды марқұм Асанәлі Әшімовтің басына барып, сағынышын басып қайтқанын айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ол қазір Асанәлі Әшімовтей тұлғалардың жоқтың қасы екенін айтты. 

"Асанәлі ағамның басына келдім. Білмеймін, өзіммен отырып сағынып кеттім, келіп сырласып қайтайыншы дедім. Эх, қадірлі Асаға, өнердің жаны - құштарлық, жауы - құштарлық деген. Өнерде де, өмірде де бізге үлгі болды. Қазір жетіспейді. Арқа сүйеп, ақыл сұрайын десең ірі адамдар азайып бара жатыр. Кесек сөйлейтін, сөздері мірдің оғындай, жүргенде арттарында із қалатын үлкен тұлғалар азайып бара жатыр. Бәрі осында жатыр. Кісі саны көбейгенімен адам саны аз. Бағдат жеңгемізге рақмет. Әдемілеп істеп қойыпты", деп пікір білдірді Азамат Сатыбалды. 

Осы тұста желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. 

"Тұңғышбай аға бар ғой", "Өте дұрыс айтады", "Тірісінде қадірлейік", "Ендігі ұрпақ саған арқа тірейді", деді олар. 

Барлық жаңалық