Ақын, коуч Айнұр Тұрсынбаева жазбасымен оқырмандарын ойландырып қойды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол өзінің өткеніне көз жүгіртіп, қандай қиындықтан өткенін айтты.
"Әсіресе ары қарай қалай күн көремін деп ойласам, өлгім келетін еді… Сату білмеймін, бірдеңе бастасам, банкротпен бітіп жатты. «Квестра», «Апорт» деген пирамидаларға кіріп, қалған ақшамнан айырылып, қарызға кіріп кеттім… Мен сол кезде жылап жатып қалдым, ауруханаға түстім, елмен араластым. Ештеңе көмектеспеді. Миым өліп қалған сияқты болды… Түнімен мешітке барып, дұға жасап, ұйықтап жүрдім. Таңғы 6-7-де ұйықтап, кешкі 8-9-да оянатынмын. Сөйтіп жүргенде 9 ай өтті. 9 айда ішпей-жемей семіріп кеттім. Онлайн сабақтар сатып алып, тыңдауға шыдамым жетпей, жаба салатынмын. Сөйтіп жүріп офлайн сабақтар мен кітапқа көштім. «Трансерфинг реальности», «Подсознание может всё», «Богатый папа, бедный папа». Маған жаңа әлемнің есігі ашылды. Неге қиналғанымды, қарызға кіргенімді, ажырасқанымды — бәрін-бәрін түсіндім… Солай орнымнан тұрдым. Қазір тура өзім сияқты қиналған адам көрсем, «Оқыңдаршы!» деп айқайлағым келеді. Оқыған кітаптарды жинақтап, қазақша аударып, керек емес жерлерін алып тастап, қазақша кітаптар жазып бастадым", деп жазды ол.