Жаңалықтар

Қызылордадағы полиция инспекторының қазасына қатысты тың дерек шықты

Қызылордадағы полиция инспекторының қазасына қатысты тың дерек шықты

Қызылорда облысының Арал қаласында қаза тапқан учаскелік полиция инспекторы Мырзажан Жакеновтің жары күйеуінің денесі күдіктінің үйінде шөптің арасына жасырылған күйде табылғанын айтқан, – деп хабарлайды Ozgeris.info сайты Stan.kz порталына сілтеме жасап.

38 жастағы полиция майоры Мырзажан Іскендірұлы Жакенов 31 тамызда қаза тапқан. Оның денесі күдіктінің үйінен зорлық белгілерімен табылған.

Полиция мәліметінше, марқұм бұған дейін күдіктіні отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтар үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Оған қатысты қорғау нұсқамалары да шығарылған.

Марқұмның жары Лаураның айтуынша, Мырзажан 30 тамыз күні кешке дейін үйде болған. Сол күні ерлі-зайыптылардың шаңырақ көтергеніне 17 жыл толған. Лаураның сөзінше, күйеуі сол күні інісімен бірге аула тазалап, есік алдына бетон төсеген. Жұмыс кешкі сағат 19.00 шамасында аяқталған.

Оның айтуынша, Мырзажан бастапқыда 25 тамыздан еңбек демалысына шығуды жоспарлаған. Кейін басшылық демалыстың 28 тамыздан басталатынын айтып, ол өтінішіндегі күнді өзгерткен. Алайда демалысқа шығару туралы бұйрық уақытында рәсімделмеген. 30 тамызда Мырзажан бұл мәселені телефон арқылы біреумен талқылаған. 

Барлық жаңалық