Жаңалықтар

Шымкентте пластикалық ота жасатқан әйел бір көзінен айырылды

Шымкентте пластикалық ота жасатқан әйел бір көзінен айырылды

Шымкентте тиісті сертификаты мен лицензиясы болмай, пластикалық хирургиямен айналысқан азамат сотталды, деп хабарлайды Ozgeris.info

Ол жасаған блефаропластика операциясынан кейін пациенттің бір көзі көрмей қалған.

Бас прокуратураның хабарлауынша, сотталушы медициналық қызмет көрсетуге қажетті рұқсат құжаттары мен тиісті маман сертификаты болмағанына қарамастан, пластикалық хирургия саласында қызмет көрсеткен.

Операциядан кейін жәбірленушінің бір көзінің көру қабілеті толық жоғалған.

— Сот оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 322-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Оған 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сотталушы 3 жыл бойы медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығынан айырылды, — делінген хабарламада.

Абай ауданының прокуратурасы лицензиясы мен тиісті біліктілігі жоқ адамдардан медициналық қызмет алу ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін ескертті.

 

Барлық жаңалық