Ақмола облысында Көкшетау қалалық соты әкімшілігінің басшысы Аян Дүйсеков қайтыс болды. Оның артында әйелі мен екі кішкентай баласы қалды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Полиция қайғылы жағдайға байланысты сотқа дейінгі тергеу бастаған.
Марқұмның туыстарының айтуынша, соңғы айларда ол жұмыс орнында моральдық және психологиялық қысымға ұшыраған.
Жақындарының сөзінше, оған әділетсіз тәртіптік жаза қолданылып, қызметтік пәтерден шығару мәселесі де көтерілген.
Отбасы болған жағдайға құқықтық баға беріліп, қызметтегі лауазымды тұлғалардың әрекеті жан-жақты тексерілуін сұрап отыр.
Сондай-ақ олар жұмыстағы осы жағдайлардың марқұмның жағдайына әсер еткен-етпегенін анықтауды талап етеді.
Ақмола облысының полиция департаменті азаматтың қайтыс болғанын растады.
Қазіргі уақытта тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Марқұмның өліміне нақты не себеп болғаны және туыстары айтқан жұмыс орнындағы қысым фактілерінің қаншалықты негізді екені тергеу барысында анықталуы тиіс.