Жаңалықтар

"Үсті-үстіне көмген": Атырауда күдікті қылмысты қалай жасағанын көрсетті

"Үсті-үстіне көмген": Атырауда күдікті қылмысты қалай жасағанын көрсетті

Танымал журналист Жанат Молдашова Атырауда жоғалып кеткен отбасы оқиғасындағы қылмыстық жағдайлар туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады деп хабарлайды ozgeris.info.

"Осы қылмыс барысында туыстарының Наурызбен байланысы жазда үзілгені айтылды. Осыны ескерсек, оны жазда өлтіріп, көмген болуы мүмкін.

Кейін 5 қарашада Мейрамгүлді өздерімен бірге қалаға алып келді. Оны да қаныпезер айуандықпен өлтіріп, Наурыздың қасына көміп тастаған.

Жауыздықтың шегі болмайды деген осы екен. 
Жүректен жүрек қалмады. Тас түскен жеріне ауыр. Мұқанғалиевтер әулетімен бүкіл ел бірге қайғырып жатыр. Қаралы отбасының туыстарымен жүздескен сайын қандай жұбату сөз айтарыңды білмейсің.
Трагедия ғой бұл!

8 қаңтар күні осы сарай маңында жедел топ іздеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда бардық. “Қылмыскер жауыздық әрекетін қайталап, осы айналаға көмді-ау, табылып қалар” деген сенімде болдық. Бірақ ол іздеу жұмыстары нәтиже бермеген еді.

Тергеу тобы жедел әрекет етіп жатыр екен. Күдіктіні бүгін Жангелдин ауылындағы қылмыс болған үйге алып барған. 

Естеріңізге салсақ, 6 қаңтар күні кешкісін 66 және 62 жастағы Мақсот Мұқанғалиев пен Нәсіп Өтешқалиеваның мәйіті өз үйінің сарайынан көмулі күйінде табылды.

Болжам бойынша күдікті қыз-күйеу 2 қарашада ауылға барған 5 қарашада такси шақырып, үйдің үлкен қызы, мүмкіндігі шектеулі Мейрамгүлді ертіп, қалаға шыққан.

Осы үш күн ішінде үй иелерін айуандықпен өлтіріп, сарайдың еденін 1,5 метр шамасында қазып, бірінің үстіне бірін көміп кеткен.", деп жазды журналист. 

Барлық жаңалық