Шоу-бизнес

«Не шаруаңыз бар?»: Ләйлә Сұлтанқызы ажырасқан блогерлерді талқыға салды (ВИДЕО)

«Не шаруаңыз бар?»: Ләйлә Сұлтанқызы ажырасқан блогерлерді талқыға салды (ВИДЕО)

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы блогерлер Айым Сейтметова мен Талғат Итаевтың жеке өміріне қатысты пікір білдіргеннен кейін әлеуметтік желі қолданушыларының сынына ұшырады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Ләйлә Сұлтанқызы Threads желісіндегі парақшасында: «Айым мен Талғат соңында татуласатынын білемін, бірақ дәлелдей алмаймын», – деп жазған.

Алайда көп уақыт өтпей өшіріп тастады.

Бұл пікір желіде қызу талқыланып, көпшілік тележүргізушіні өзге адамдардың жеке өміріне араласты деп сынады.

Пікір қалдырған қолданушылардың бірі: «Жеке өмірінде не шаруаңыз бар? Бұл халық алдында талқылайтын мәселе ме? Үлкен аудиторияңыз бар екен, пайдалы дүниелер жазсаңызшы», – десе, енді бірі: «Дәл сіздің қозғайтын тақырыбыңыз емес еді бұл», – деп жазған.

Еске салайық, бұған дейін блогер Айым Сейтметова жолдасы Талғат Итаевпен ажырасып жатқанын мәлімдеген болатын.

 

Барлық жаңалық